14 Мамыр 2024
160

Әр жыл сайын мамыр айының үшінші жексенбісінде Халықаралақ ЖИТС ауруынан қайтыс болғандарды еске алу күні аталып өтіледі

Бұл күнді өткізудің негізгі мақсаты- АИТВ проблемасына қоғам назарын аударужәне жастарға АИТВ туралы жан-жақты білім бере отырып, індеттің алдын алу, сақтану шаралары жайында кең көлемде мәлімет беру, адам денсаулығына зиянды әдеттермен күрес жүргізуді насихаттау, жастардың болашаққа деген сенімін арттырып, салауатты өмір салтын ұстануға шақыру, АИТВ індетіне байланысты «алалау», «таңба басу», немесе «кемсіту» сияқты көзқарасты болдырмау.

Осы күннің аясында Қызылорда қызмет көрсету және сервистік колледжде АИТВ инфекциясының алдын алу орталығы мамандарымен семинар тренинг болды. Кездесу барысында орталық мамандары АИТВ-ның жұғу жолдары мен сақтану шаралары жайлы айтылып, оқушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берілді.