Қызылорда облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу орталығының мамандарымен қалалық алғашқы медициналық - санитариялық көмек беру мекемелерінде «АИТВ инфекциясының бар - жоғына міндетті құпия медициналық зерттеп-қарау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 27 қарашадағы № ҚР ДСМ-211/2020 бұйрығы бойынша оқыту жұмыстары жүргізілуде.
Осыған орай №6 қалалық емхананың жалпы тәжірибелік дәрігерлер (ВОП), акушер - гинекологтар, аясы тар буынды дәрігерлер (узкие специалисты) арасында семинар - сабақ ұйымдастырылды.
Семинар барысында АИТВ - инфекциясына клиникалық көрсеткіштер бойынша тексерілуге жататын синдромдар мен симптомдар, дәрігерлерге қандай ауруларға басты назар аударып, қырағылық таныту керектігі, сонымен қатар эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша тексерілетіндер туралы толық мағұлмат берілді.
АИТВ - инфекциясын жұқтырғандарды ерте анықтап, уақытылы антиретровирусты емін тағайындау барысында АИТВ - мен өмір сүретіндердің өмірін ұзартуға, олардың арасында өлім - жітікті азайтуға қол жеткізуге болатыны және осы жұмыстардың басында алғашқы медициналық - санитариялық көмек көрсету мекемелерінің дәрігерлерінің орны бөлек екендігі айтылды.
https://korda-aids.kz/kz/2018-09-21-12-24-32/1230-meditsina-yzmetkerleri-arasynda-aitv-ny-aldyn-alu-sharalary-zhal-asuda#sigFreeIda83282343d