29 Сәуiр 2024
148

АИТВ инфекциясының өзекті мәселелелері талқылануда

Сәуір айының 24 - 26 аралығында Қызылорда облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу орталығының ұйымдастыру әдістемелік бөлімінің дәрігері Ж.Кистаубаева, эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің эпидемиолог дәрігері Г.Жолманова Арал ауданындағы емдеу алдын алу мекемелеріне ұйымдастыру әдістемелік практикалық көмек көрсетті. Арал ауданындағы көпбейінді орталық ауруханаға қарасты емхана, ауылдық емхана, ауылдық дәрігерлік амбулаториялардағы жалпы тәжірибелік дәрігерлер бөлімінің меңгерушісі, дәрігерлері, акушер гинекологтар, ауылдық дәрігерлік амбулатория  меңгерушілері, аға мейіргерлері арасында «АИТВ инфекциясының өзекті мәселелелері және оның алдын алу шаралары тақырыбында» семинар өткізді. Семинар барысында АИТВ инфекциясының облыстағы эпидемиологиялық жағдайы, таралу жолдары, алдын алу шаралары, атқарылатын іс - шаралар, кәсіптік жұқтырудың алдын алу шаралары, қан алу сақтау, тасымалдау ережелері, АИТВ инфекциясына байланысты стигма, дискриминацияның алдын алу, донорлық қанның қауіпсіздігі тақырыбында ақпараттар берілді. Сонымен қатар АИТВ инфекциясын ерте анықтау, әрі қарай тарлуына тежеу жасау, АИТВ жұқтырғандарды уақытылы еммен қамту, анадан балаға берілудің алдын алу үшін бастапқы медико санитарлық көмек көрсету ұйымдарының рөлі басым екендігін ескере отырып ҚР ДСМ “АИТВ инфекциясының бар - жоғына міндетті құпия медициналық зерттеп - қарау қағидаларын бекіту туралы 27.11.2020 жылғы №211 бұйрығына сәйкес тұрғындарды тексеруге негізбен іріктеу қажеттігі айтылды. Нормативтік құжаттармен таныстырып, медицина қызметкерлері тарпынан қойылған сұрақтарға жауап берілді.

Ұйымдастыру әдістемелік бөлімінің дәрігері Ж.Кистаубаева