«Қызылорда облыстық патология анатомиялық бюросында медицина қызметкерлерінің кәсіби жұқтыру қаупін алдын алуда семинар сабақ өткізілді. Семинар барысында АИТВ, ЖИТС - тің әлемдегі, республикалық, облыстық індеттік ахуалы, республика, облыс көлемінде таралу ерекшеліктері, жұғу жолдары мен алдын алу шаралары, АИТВ - инфекциясының классификациясы, емі, психоәлеуметтік кеңес беру, кәсіби манипуляциялар кезіндегі апаттық жағдайлар, оларды алдын алу шаралары талқыланды. Жұғу жолдары және сақтану шаралары туралы бейнероликтер, презентациялар көрсетіліп, сұрақ - жауаптар жүргізіліп, қызу пікір таласпен қойылған сұрақтарға толық қанағаттанарлық жауаптар берілді.
Дәрігер эпидемиолог А.Садвакасова
https://korda-aids.kz/kz/2018-09-21-12-24-32/1228-yzylorda-oblysty-patologiya-anatomiyaly-byurosy-yzmetkerleri-a-parattandyryldy#sigFreeId8a19350cf1