29 Сәуiр 2024
177

Медицина қызметкерлері арасында АИТВның алдын алу шаралары

Қызылорда облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу орталығының мамандарымен қалалық алғашқы медициналық - санитариялық көмек беру мекемелерінде «АИТВ инфекциясының бар - жоғына міндетті құпия медициналық зерттеп - қарау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 27 қарашадағы № ҚР ДСМ-211/2020 бұйрығы бойынша оқыту жұмыстары жүргізілуде.

Осыған орай №5 қалалық емхананың жалпы тәжірибелік дәрігерлер (ВОП), акушер - гинекологтар, аясы тар буынды дәрігерлер (узкие специалисты) арасында семинар - сабақ ұйымдастырылды.

Семинар барысында АИТВ - инфекциясына клиникалық көрсеткіштер бойынша тексерілуге жататын синдромдар мен симптомдар, дәрігерлерге қандай ауруларға басты назар аударып, қырағылық таныту керектігі, сонымен қатар эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша тексерілетіндер туралы толық мағұлмат берілді.

АИТВ - инфекциясын жұқтырғандарды ерте анықтап, уақытылы антиретровирусты емін тағайындау барысында АИТВ - мен өмір сүретіндердің өмірін ұзартуға, олардың арасында өлім - жітікті азайтуға қол жеткізуге болатыны және осы жұмыстардың басында алғашқы медициналық - санитариялық көмек көрсету мекемелерінің дәрігерлерінің орны бөлек екендігі айтылды.

Эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің

Меңгерушісі С.Балыкбаева