26 Сәуiр 2024
137

Медицина қызметкерлері арасында АИТВ инфекциясына клиникалық көрсеткіштер бойынша тексеру тақырыбында дәрігерлер арасында оқыту сабақтары жүргізілуде.

Медицина қызметкерлері арасында АИТВ инфекциясына клиникалық көрсеткіштер бойынша тексеру тақырыбында дәрігерлер арасында оқыту сабақтары жүргізілуде. Қызылорда облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу орталығының мамандарымен қалалық алғашқы медициналық-санитариялық көмек беру мекемелерінде «АИТВ инфекциясының бар-жоғына міндетті құпия медициналық зерттеп-қарау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 27 қарашадағы № ҚР ДСМ-211/2020 бұйрығы бойынша оқыту жұмыстары жүргізілуде. 2024 жылдың 25-ші сәуірінде «Алексей Сұлтан Ахмед» ЖШС-нің емханасында жалпы тәжірибелік дәрігерлер (ВОП),акушер-гинекологтар, аясы тар буынды дәрігерлер (узкие специалисты) арасында семинар-сабақ ұйымдастырылды. Семинар барысында АИТВ-инфекциясына клиникалық көрсеткіштер бойынша тексерілуге жататын синдромдар мен симптомдар, дәрігерлерге қандай ауруларға басты назар аударып, қырағылық таныту керектігі, сонымен қатар эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша тексерілетіндер туралы толық мағұлмат беріліп, қойылған сұрақтарға жауаптар берілді. Қазіргі таңда АИТВ-инфекциясын жұқтырғандарды ерте анықтауда емхана дәрігерлерінің орны бөлек екендігіне басты назар аудара отырып, уақытылы антиретровирусты емін тағайындау барысында АИТВ-мен өмір сүретіндердің өмірін ұзартуға, олардың арасында өлім-жітікті азайтуға қол жеткізуге болатыны айтылды. Эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің меңгерушісі С.Балыкбаева