Қызылорда облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу орталығының мамандарымен қалалық алғашқы медициналық - санитариялық көмек беру мекемелерінде «АИТВ инфекциясының бар - жоғына міндетті құпия медициналық зерттеп - қарау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 27 қарашадағы № ҚР ДСМ - 211/2020 бұйрығы бойынша оқыту жұмыстары жүргізілуде. Осыған орай қалалық орталық емханада жалпы тәжірибелік дәрігерлер (ВОП), аясы тар буынды дәрігерлер (узкие специалисты) арасында семинар - сабақ ұйымдастырылды. Семинар барысында АИТВ - инфекциясына клиникалық көрсеткіштер бойынша тексерілуге жататын синдромдар мен симптомдар, дәрігерлерге қандай ауруларға басты назар аударып, қырағылық таныту керектігі, сонымен қатар эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша тексерілетіндер туралы толық мағұлмат берілді. АИТВ - инфекциясын жұқтырғандарды ерте анықтап, уақытылы антиретровирусты емін тағайындау барысында АИТВ - мен өмір сүретіндердің өмір сүру ұзақтығын ұзартуға, олардың арасында өлім - жітікті азайтуға қол жеткізуге болады және осы жұмыстардың басында алғашқы медициналық - санитариялық көмек көрсету мекемелерінің дәрігерлерінің орны бөлек екендігі айтылды.
https://korda-aids.kz/kz/2018-09-21-12-24-32/1225-meditsina-yzmetkerleri-a-parattandyryldy-4#sigFreeId513ade5a29