Қызылорда қаласындағы №23 мектеп лицейде Қызылорда облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу орталығы мамандары, облыстық жастар денсаулық орталығы, мектеп инспекторларының қатысуымен кездесу болып өтті. Аталмыш іс - шараның мақсаты жасөспірімдер арасында зиянды әдеттерден аулақ болуға және салауатты өмір салтын ұстануға шақыру, сонымен қатар жыныстық жолмен берілетін жұқпалы аурулар, оның ішінде АИТВ/ЖИТС туралы кең көлемде мағұлмат беру, қылмыстың, құқық бұзушылықтың, буллингтің алдын алу болып табылады. Кездесу барысында орталық мамандары АИТВ - ның жұғу жолдары мен сақтану шаралары жайлы, сонымен қатар әр адамның денсаулығының жақсы болуы көп жағдайда өзіне байланысты болатындығын, кез - келген тұлға өмірінің егесі, ешкім де ол үшін өмір сүрмейтіндігін, сондықтан әркімнің өмірі өзінің таңдауы екені туралы айтып, оқушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берілді.
https://korda-aids.kz/kz/2018-09-21-12-24-32/1224-zhaman-detterden-aula-bol#sigFreeId4797613348