Медицина қызметкерлері ақпараттандырылды Қызылорда облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу орталығының мамандарымен қалалық алғашқы медициналық-санитариялық көмек беру мекемелерінде «АИТВ инфекциясының бар-жоғына міндетті құпия медициналық зерттеп-қарау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 27 қарашадағы № ҚР ДСМ-211/2020 бұйрығы бойынша оқыту жұмыстары жүргізілуде. 2024 жылдың 23-ші сәуірінде «Сенім» ЖШС-нің жалпы тәжірибелік дәрігерлер (ВОП), аясы тар буынды дәрігерлер (узкие специалисты) арасында семинар-сабақ ұйымдастырылды. Семинар барысында АИТВ-инфекциясына клиникалық көрсеткіштер бойынша тексерілуге жататын синдромдар мен симптомдар, дәрігерлерге қандай ауруларға басты назар аударып, қырағылық таныту керектігі, сонымен қатар эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша тексерілетіндер туралы толық мағұлмат берілді. АИТВ-инфекциясын жұқтырғандарды ерте анықтап, уақытылы антиретровирусты емін тағайындау барысында АИТВ-мен өмір сүретіндердің өмір сүру ұзақтығын ұзартуға, олардың арасында өлім-жітікті азайтуға қол жеткізуге болады және осы жұмыстардың басында алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсету мекемелерінің дәрігерлерінің орны бөлек екендігі айтылды. Эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің меңгерушісі С.Балыкбаева
https://korda-aids.kz/kz/2018-09-21-12-24-32/1222-meditsina-yzmetkerleri-a-parattandyryldy-3#sigFreeIdc23bf8cebd