23 Сәуiр 2024
151

"Тең - теңімен қағидасы" бойынша жасөспірімдер арасында тренинг өткізілді.

ЖИТС орталығы мамандарының ұйымдастыруымен "Тең-теңімен қағидасы" бойынша Y-PEER халықаралық жастар желісінің еріктілері қаладағы №9 мектеп гимназиясында тренинг өткізді. Тренингтің мақсаты: «тең-теңімен» тәсілі арқылы жастар мен жасөспірімдерді салауатты өмір салтын ұстануға, өз өміріне жауапты шешімдер қабылдауға мүмкіндік беруге үйрету, жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың соның ішінде АИТВ/ЖИТС жайында түсініктерін кеңейту үшін қажетті мәліметтер беру, нашақорлықтың алдын алу, қауіпсіз жыныстық мінез-құлық туралы өз құрдастарын жауапкершілікпен үйрету және қатарластарының өмірі үшін маңызды дағдыларды меңгерту.