Қаладағы №267, 261 орта мектептің жоғары сынып оқушылар арасында АИТВ-ның алдын алу шаралары тақырыбында ЖИТС орталығының мамандарымен кездесу болды. Кездесу барысында АИТВ-ның жұғу жолдары мен сақтану шаралары және АИТВ-мен өмір сүруші адамдарға стигма, дискриминация (алалау, кемсіту) сияқты жағдайларды болдырмау жайлы кеңінен айтылды. Кездесу соңында ақпараттық білім беру материалдары таратылды.
https://korda-aids.kz/kz/2018-09-21-12-24-32/1217-zhastar-men-zhas-spirimder-arasynda-aitv-ny-aldyn-alu-10#sigFreeIdbd52babef1