08 Сәуiр 2024
161

ЖИТС орталығында бірлескен мәжіліс ұйымдастырылды

2024 жылдың 29-шы наурызында облыстық ЖИТС орталығында  облыстық денсаулық сақтау басқармасының 2024 жылға бекітілген жылдық жоспарына сәйкес «Облыс бойынша пенитенциарлық мекемелерде АИТВ-инфекциясының мекемішілік жұқтыру қаупінің  алдын алу туралы»  тақырыбында ҚР ІІМ-нің қылмыстық атқару  жүйесі Комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің №37, №60, №68 мекемелерінің, облыстық денсаулық сақтау басқармасының, №3, №6 емханасының, облыстық ЖИТС орталығының  жауапты мамандарының қатысуымен бірлескен мәжіліс өткізілді.

     Бұл мәжілістің өткізілуінің себептерінің бірі – ол 2023 жылдан бастап  облыс бойынша  пенитенциарлық мекемелердің медициналық қызмет көрсету мәселелерінің  Қылмыстық атқару жүйесінен  облыстық  облыстық денсаулық сақтау басқармасына берілуі, оның ішінде қылмыстық атқару жүйесіне  қарасты   №68 мекеме (СИ-1) медициналық көмек көрсету бөлімі 2022жылы №6 емханаға,  ал 2023  жылдан бастап 2 мекеменің №60 (ЗК-5) және №37 (ЗК-4) медициналық көмек көрсету бөлімдері №3 емханаға берілген.

2023 жылы облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастамасы бойынша №37, №60, №68 мекемелердегі АИТВ-инфекциясының алдын алуда атқарылған жұмыстары  2 рет бірлескен мәжілістерде қаралып (04.05.2023ж, 27.08.2023ж), орын алған кемшіліктерді уақытылы жоюға қол жеткізілген болатын.

Бірлескен мәжіліс барысында 2023 жылы облысымыздағы, республикадағы АИТВ-инфекциясы бойынша қалыптасқан эпидемиологиялық жағдай, пенитенциарлық мекемелерде жазасын өтеушілер мен қамалғандар арасында АИТВ-инфекциясының тіркелуі, жұғу жолдары, есепті кезеңде  №37, №60, №68 мекемелерінің медициналық бөлімдерінің жұмыстарында орнын  алған кемшіліктер және оны жою жолдары бойынша  толық мағұлмат берілді.

       Қылмыстық атқару жүйесіне қарасты мекемелерде  АИТВ-инфекциясының,оның ішінде мекемеішілік жағдайларының алдын алуда №37, №60, №68 мекемелерінің 2023 жылы атқарылған жұмыстарына оң баға беріліп, 2024 жылы осы жұмыстарды әрі қарай күшейту бойынша бірлескен шешім шығарылды.

 

Эпидемиологиялық бөлім меңгерушісі

С.Балықбаева