2024 жылдың 29-шы наурызында облыстық ЖИТС орталығында облыстық денсаулық сақтау басқармасының 2024 жылға бекітілген жылдық жоспарына сәйкес «Облыс бойынша пенитенциарлық мекемелерде АИТВ-инфекциясының мекемішілік жұқтыру қаупінің алдын алу туралы» тақырыбында ҚР ІІМ-нің қылмыстық атқару жүйесі Комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің №37, №60, №68 мекемелерінің, облыстық денсаулық сақтау басқармасының, №3, №6 емханасының, облыстық ЖИТС орталығының жауапты мамандарының қатысуымен бірлескен мәжіліс өткізілді.
Бұл мәжілістің өткізілуінің себептерінің бірі – ол 2023 жылдан бастап облыс бойынша пенитенциарлық мекемелердің медициналық қызмет көрсету мәселелерінің Қылмыстық атқару жүйесінен облыстық облыстық денсаулық сақтау басқармасына берілуі, оның ішінде қылмыстық атқару жүйесіне қарасты №68 мекеме (СИ-1) медициналық көмек көрсету бөлімі 2022жылы №6 емханаға, ал 2023 жылдан бастап 2 мекеменің №60 (ЗК-5) және №37 (ЗК-4) медициналық көмек көрсету бөлімдері №3 емханаға берілген.
2023 жылы облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастамасы бойынша №37, №60, №68 мекемелердегі АИТВ-инфекциясының алдын алуда атқарылған жұмыстары 2 рет бірлескен мәжілістерде қаралып (04.05.2023ж, 27.08.2023ж), орын алған кемшіліктерді уақытылы жоюға қол жеткізілген болатын.
Бірлескен мәжіліс барысында 2023 жылы облысымыздағы, республикадағы АИТВ-инфекциясы бойынша қалыптасқан эпидемиологиялық жағдай, пенитенциарлық мекемелерде жазасын өтеушілер мен қамалғандар арасында АИТВ-инфекциясының тіркелуі, жұғу жолдары, есепті кезеңде №37, №60, №68 мекемелерінің медициналық бөлімдерінің жұмыстарында орнын алған кемшіліктер және оны жою жолдары бойынша толық мағұлмат берілді.
Қылмыстық атқару жүйесіне қарасты мекемелерде АИТВ-инфекциясының,оның ішінде мекемеішілік жағдайларының алдын алуда №37, №60, №68 мекемелерінің 2023 жылы атқарылған жұмыстарына оң баға беріліп, 2024 жылы осы жұмыстарды әрі қарай күшейту бойынша бірлескен шешім шығарылды.
Эпидемиологиялық бөлім меңгерушісі
С.Балықбаева
https://korda-aids.kz/kz/2018-09-21-12-24-32/1209-zhits-ortaly-ynda-birlesken-m-zhilis-jymdastyryldy#sigFreeId3a953852dd