Болашақ медицина колледжінің ұйымдастыруымен «Салауатты өмір- жарқын болашақ» тақырыбында ЖИТС орталығының мамандарымен кездесу болды. Кездесу барысында АИТВ-ның жұғу жолдары мен сақтану шаралары және АИТВ-мен өмір сүруші адамдарға стигма, дискриминация (алалау, кемсіту) сияқты жағдайларды болдырмау жайлы айтылды. Кездесу соңында білім алушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп, ақпараттық білім беру материалдары таратылды.
https://korda-aids.kz/kz/2018-09-21-12-24-32/1199-salauatty-mir-zhar-yn-bolasha-2#sigFreeId879289379d