ЖИТС орталығы Қазалы филиалының ұйымдастыруымен «Жастар арасындағы АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу» тақырыбында Қазалы аграрлы техникалық колледжі жастары арасында кездесу өтті.
Мақсаты - адамзат өміріне қауіп төңдіріп отырған қатерлі АИТВ/ЖИТС дертін алдын алу және салауатты өмір салтын қалыптастыру.
Кездесуде ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталық маманы Айбасов Т және колледж мейірбикесі А.Мәмбетова қатысты.
Сонымен қатар, жиын соңында жаман әдеттерден аулақ болып, салауатты өмір салтын ұстануға шақырды.
https://korda-aids.kz/kz/2018-09-21-12-24-32/1198-zhastar-zh-ne-aitv#sigFreeId281c90161f