1 - наурыз Кемсітушілікке қарсы күрес күнінің тақырыбы "Әр адамның денсаулығын қорғау үшін, әр адамның құқығын қорғау қажет" болып бекітілді. Осы науқан аясында аудандағы оқу орындарында түрлі іс - шаралар өткізілуде. Бұл іс - шараның негізгі мақсаты - АИТВ - инфекциясының алдын алу, АИТВ - мен өмір сүретін адамдардың проблемаларына назар аудару, кемсітушілікке жол бермеу, АИТВ мен өмір сүретін адамдарды медициналық қызметтерге қол жеткізуіне кедергі келтіретін факторларды жою болып табылады. Осы мақсатта жастар мен жасөспірімдер арасында іс - шаралар өткізілді. №156 орта мектепте оқушылар мен мұғалімдер арасында кездесу болды. Кездесу барысында ЖИТС ОО Шиелі филиалының маманы АИТВ - ның жұғу жолдары мен сақтану шаралары және стигма, дискриминация (алалау, кемсіту) жағдайларын болдырмау жайлы айтып өтті.
https://korda-aids.kz/kz/2018-09-21-12-24-32/1194-o-ushylar-a-parattandyryldy#sigFreeId1c884df023