14 Наурыз 2024
182

Оқушылар арасында АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу

2024 жылдың 12 наурызында ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі облыстық орталықтың Шиелі ауданындағы филиалы мен аудандық білім бөлімінің біріккен іс-шаралары жоспарының негізінде, АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында, Ы.Жахаев ауылындағы Ә.Монтаев атындағы №149 орта мектептің жоғары сынып оқушылары арасында «Әр адамның денсаулығын қорғау үшін, әр адамның құқығын қорғау қажет» тақырыбында кездесу ұйымдастырылды.

Іс-шараның негізгі мақсаты АИТВ-ның алдын алу, жастар арасында жауапты мінез құлық қалыптастыру және АИТВ-мен өмір сүретін адамдардың проблемаларына назар аудару, кемсітушілікке жол бермеу, АИТВ-мен өмір сүруші адамдардың осалдығына әсер ететін және АИТВ-мен өмір сүруші адамдардың медициналық қызметтерге қол жеткізуіне кедергі келтіретін факторларды жою болып табылады.

Кездесу барысында ЖИТС орталығы Шиелі филиалының эпидемиолог көмекшісі Б.Парманкулов АИТВ/ЖИТС-тің әлемдегі, республикадағы, облыстағы және аудандағы індеттік ахуалы, алдын алу шаралары, әрбір адам инфекциядан өзін сақтау қажет екендігін түсіндіре келе «Оқушылардың бойында АИТВ жұқтыруға кедергі келтіретін мінез құлық дағдысын қалыптастыру», «АИТВ/ЖИТС-тің қоғамға, отбасына кері әсері» тақырыптарында презентациялар жасады.

Іс-шара барысында қатысушыларға түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, сұрақ-жауап алмасып, ақпараттық парақшалар таратылды.