04 Наурыз 2024
196

Педиатр мен жалпы тәжірибелік дәрігерлер арасында облыстық семинар-кеңес ұйымдастырылды

Облыстық денсаулық  сақтау басқармасының  27.02.2024ж. «Балалар мен жасөспірімдер арасында АИТВ - инфекциясының алдын алу бойынша облыстық семинар - кеңес өткізу туралы»  №96 бұйрығына сәйкес және ҚР ДСМ - нің «Қазақ дерматология және инфекциялық аурулар ғылыми орталығының» тапсырмасы бойынша 2024 жылдың 1 - ші наурызында облыстық ЖИТС орталығығында  семинар - кеңес ұйымдастырылды.

Семинар - кеңеске облыстық денсаулық сақтау басқармасының бас педиатрі Г.Сағындықова, облыстық жастар денсаулық орталығының мамандары, аудандық, қалалық МСАК ұйымдарының  педиатрлары мен балалармен жұмыс жасайтын жалпы тәжірибелік дәрігерлері  қатысты.

Семинар - кеңес барысында облыстық ЖИТС орталығыынң мамандарымен  АИТВ - инфекциясының ҚР - ғы,облысымыздағы эпидемиологиялық жағдайы, балалар мен жасөспірімдер арасында АИТВ - инфекциясының тіркелуі, жұғу жолдары мен алдын алу шаралары, ҚР ДСМ - нің 27.11.2020ж № 211 бұйрына сәйкес клиникалық және эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша тексерілетін контингенттер, балалардағы АИТВ - инфекциясының классификациясы, клиникасы, диспансеризациясы, емдеу ерекшеліктер, балалар арасында АИТВ - жұқпасына жүргізілетін зертханалық диагностика, АИТВ - жұқтырған аналардан туылған балаларды АИТВ - ға тестілеу ерекшеліктері тақырыбында  баяндамалар жасалып, толық мағұлмат берілді.

Семинар - кеңесті қорытындылай келе, облысымызда балалар арасында АИТВ - инфекциясының анадан балаға таралуының алдын алу үшін  МСАК ұйымдарымен төмендегі іс - шараларды ұйымдастыру қажеттігі  айтылды:

 -әйелдерді жүктілік кезінде 2 рет  (жүктілікпен есепке тұрған кезде, жүктіліктің 28 - 30аптасында) АИТВ - инфекциясына 100 пайыз тексеру;

 -жүкті әйелдердің жыныстық серіктестерін жүктілікпен есепке тұрғанда 1 рет тексеру;

 -клиникалық  айғақтар бойынша жиі ауыратын балаларды (0 - 14 жас) АИТВ-инфекциясына уақытылы тексеру қажет екендігі ескертілді.

Эпидемиологиялық қадағалау

бөлімінің меңгерушісі

С.Балықбаева