БҰҰ - ның ұйғарымымен биылғы 1 - наурыз Кемсітушілікке қарсы күрес күнінің тақырыбы "Әр адамның денсаулығын қорғау үшін, әр адамның құқығын қорғау қажет" болып бекітілді. Осы науқан аясында облыстағы оқу орындарында түрлі іс - шаралар өткізілуде. Бұл іс - шараның негізгі мақсаты - АИТВ - инфекциясының алдын алу, АИТВ - мен өмір сүретін адамдардың проблемаларына назар аудару, кемсітушілікке жол бермеу, АӨА - дың медициналық қызметтерге қол жеткізуіне кедергі келтіретін факторларды жою болып табылады. Осы мақсатта жастар мен жасөспірімдер арасында іс - шаралар өткізілді. Соның бір айғағы қаладағы Оқушылар үйінде, №171, №217 орта мектептерде оқушылар мен мұғалімдер арасында кездесу болды. Кездесу барысында ЖИТС орталығының маманы АИТВ - ның жұғу жолдары мен сақтану шаралары және АӨА - ға стигма, дискриминация (алалау, кемсіту) жағдайларын болдырмау жайлы кеңінен айтылды. Егер АИТВ - мен өмір сүретін адамдардың құқығы қорғалса, олар медициналық, психологиялық-әлеуметтік – моральдік көмекті кедергісіз алып отса онда ЖИТС - ті тоқтата аламыз.
Дегенмен Ауырып ем іздегенше, ауырмаудың жолын іздеу ең алдымен өзіңізге тиімді. Әрбір адамның АИТВ инфекциясын жұқтырмауы өз қолында. Денсаулығыңызға зиянын тигізетін жат әдеттерден аулақ болғаныңыз ең алдымен өзіңізге пайдалы.
Салауатты өмір салтын тұрақты және тиімді қалыптастырсақ ол болашақтың жарқын кепілі болмақ.
https://korda-aids.kz/kz/2018-09-21-12-24-32/1174-r-adamny-densauly-yn-or-au-shin-r-adamny-y-yn-or-au-azhet#sigFreeId989909503b