АИТВ-ны қалай анықтауға болады?
Сыртқы келбетіне қарап, адам АИТВ-ны жұқтырғанын білу мүмкін емес.
АИТВ-ны анықтаудың жалғыз әдісі – қанды лабораторияда тексеру, яғни арнайы әдіспен қоздырғышқа қарсы денелерді анықтау. Қарсы денелер дегеніміз ол организмде қоздырғышқа қарсы жауап ретінде пайда болатын белоктар.Оң нәтижелі анализ дегеніміз ол адам қанында қоздырғышқа қарсы денелер бар дегенді білдіреді, яғни ол адам АИТВны жұқтырған.Теріс нәтижелі анализ, яғни АИТВ-ға қарсы денелер қанында анықталмаған. Теріс нәтиже қандай жағдайларда болуы мүмкін:Егер адам АИТВ-ны жұқтырмаған болса;Адам АИТВ-ны жұқтырған күнде де, адам қанында АИТВ-ға қарсы денелер пайда болып үлгермейді, сол себепті қан анализінің нәтижесі теріс болады («терезе кезеңі»)
«Терезе кезеңі» деген не?
Ағзаға тест-жүйелерімен анықтауға жеткілікті мөлшерде қарсы денелер пайда болу үшін 25 күннен 3 айға дейін (сирек жағдайда – 6 ай) уақыт керек. Осы уақыт кесігін «терезе кезеңі» деп атаймыз. Бұл кезеңде тест нәтижесі теріс болады. Сондықтан 3 айлацн кеейін анализді қайталау керек. «Терезе кезеңі» қанда, шәуітте, қынап сұйықтықтарыда және ана сүтінде қоздырғыш басқа адамдарға жұқтыратын мөлшерде болады.
Тексеруді қай жерден өтуге болады?Кез-келген ЖИТС мен күресу орталығында, АИТВ-ға тексеретін анонимді кабинеті бар емханаларда, АИТВ-ға ТЕГІН тексерілуге болады. Тексеру кезінде міндетті түрде тест алдындағы және тест соңындағы кеңес берілу керек. Онда өзіңді қызықтыратын сұрақтарға жауап алуға болады.
Адамда АИТВ бар екенін білу неге қажет?Өз денсаулығына көбірек назар аударып, «оппортунистік» жұқпалардың алдын алып уақытында емді бастау үшін;Дер кезін арнайы ауру дамуын басеңдететін препараттарды қолданып, аурудың дамуын тоқтату үшін;өзіне жақын адамдарға, туыстарына, достарына жұқтырмау үшін;АИТВ-ны жұқтырған анадан жүктілік, босану, емізу кезінде балаға берілудің алдын алу үшін.
Қандай жағдайларда АИТВ тест тапсыру қажет?Кездейсоқ адаммен мүшекапсыз жыныстық қатынасқа түсу;Стерилденбеген медициналык және медициналық емес құрал-жабдықтарды қолдану (денеге сурет салу, сырга тағу т.б.)Инъекциялық жолмен есірткі тұтыну.Жыныстық жолмен берілетін инъекциялар табылғанда;Гепатит В және С табылғанда;
Қалай жұғудың алдын алуға болады?Әрбір жыныстық қатынас кезінде мүшеқапты қолдану керек.Тек өзінің таза инъекциялық құралдарыңмен қолданып және басқа адамға пайдалануға бермеу керек;Денеге таңба салу (татуировка) және сырға салу (пирсинг) кезінде тек таза құралдармен қолдану керек;Қанмен және қан жұққан материалдармен жұмыс жасаған кездде ақсөл (латекс) қолғаптарын кию керек;Тек өзіңнің таза немесе жаңа жеке гигиена құралдарымен (қырыну құралдарымен, тіс жуатын щеткаларымен) пайдалану керек;Жүкті анадан балаға АИТВ берілудің алдын алу әдістерін пайдалану (қоздырғышқа карсыпрепаратты үктілік, босану және босанудан кейінгі кезеңде, емшекпен емізбеу) керек.Көпжылдық халықаралық АИТВ-мен күресудегі тәжірибе, АИТВ жұқпасының жаңа жағдайының жұқтыруының алдын алуда басты кедергі болып адамдардың хұқықтарының бұзылуы, АИТВ/ЖИТС байланысты екенін куәландырады. Дұрыс емес ақпарат, АИТВ берілуі туралы аңыздар, таңба және кемсітушілікті тудырады, адамдардың хұқықтары бұзылуының басты негізі АИТВЖИТС контексті болып табылады.
Адамдардың хұқықтары АИТВЖИТС қатысты адамдардың абыройы мен теңдігімен шатысып жатады, әртүрлі мәдениет пен дәстүрлер мінезделген. Адамдардың хұқықтары принциптері арасында, АИТВЖИТС -ға қатысты, көбіне мынаны белгілейміз:
• Кемсітушілікке құқық;
• Еңбек етуге құқық;
• Жеке өмірге құқық;
• Тең білім, медициналық көмек алуға хұқық;
• Қоғамдық және мәдениетті өмірге хұқық.
АИТВ жұқтырған адамдардың хұқықтары шектеулі (мысалы, АИТВ жұқтырған адам қанның, органдардың доноры бола алмайды).
ЖИТС орталығы Қазалы филиалы эпидемиолог көмекшісі Т.Айбасов
https://korda-aids.kz/kz/2018-09-21-12-24-32/1170-aitv-ny-alaj-any-tau-a-bolady#sigFreeId73ffef3b33