Қазіргі таңда дерттен сақтану жолында түсіндірме, ақпараттық-насихаттық жұмыстардың маңызы зор. Осы мақсатта жыл бойына жастар мен жасөспірімдер арасында түрлі үлгіде іс-шаралар өткізіліп келеді. Соның бір айғағы ретінде қаладағы №211, №187, Р.Әліарыстанұлы атындағы орта мектептерде оқушылармен кездесу өткізілді. Кездесу барысында ЖИТС орталығының маманы АИТВ-ның жұғу жолдары мен сақтану шаралары жайлы кеңінен мағұлмат беріп, роликтер көрсетілді, оқушылар ұстаздар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.
Кездесу соңында жасөспірімдерге арналған АИТВ/ЖИТС жөніндегі үнпарақтар мен буклеттер таратылды.
https://korda-aids.kz/kz/2018-09-21-12-24-32/1167-aitv-zhits-zh-ninde-a-parattandyru#sigFreeIdc5c24911cf