Облыстық денсаулық сақтау басқармасымен 2024 жылға бекітілген ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі облыстық орталығының жылдық жоспарына сәйкес «2023 жылы иньекциялық есірткі тұтынушылардың АИТВ-ға тексеру және 2024 жылға осы жұмыстарды жақсарту» тақырыбында облыстық психикалық денсаулық орталығымен бірлескен мәжіліс өткізілді.
Бірлескен мәжіліс барысында АИТВ-инфекциясы бойынша Республикадағы, облысымыздағы эпидемиологиялық жағдай, оның ішінде АИТВ-инфекциясының парентералды жолмен таралуына толықтай талдау жасалды. 2023 жылы ҚР ДСМ-нің 27.11.2020ж.№211 бұйрығына сәйкес облыстық психикалық денсаулық орталықтарында есепте тұрған иньекциялық есірткі тұтынушылар жылына 2 рет АИТВ-инфекциясына толықтай тексерілген.
Облыс бойынша АИТВ-инфекциясының парентералды жолмен таралуының алдын алу үшін облыстық психикалық денсаулық орталығымен жаңадан есепке алынған және мен осы диагнозбен есепте тұрғаниньекциялық есірткі тұтынушыларды АИТВ-инфекциясына уақытылы тексеруді әрі қарай жалғастыру бойынша ұсыныстар беріліп, осы бағыттағы жұмыстарды бірлесе атқару бойынша шешім қабылданды.
Эпидемиологиялық бөлім меңгерушісі
С.Балыкбаева
https://korda-aids.kz/kz/2018-09-21-12-24-32/1161-oblysty-zhits-ortaly-y-men-oblysty-psikhikaly-densauly-ortaly-ymen-birlesken-m-zhilis-jymdastyryldy#sigFreeIdab59cb165f