ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі облыстық орталықтың Шиелі ауданындағы филиалы мен аудандық білім бөлімінің біріккен жоспары аясында Ә.Қоңыратбаев атындағы №48 мектеп-лицейде АИТВ-ның алдын алу, салауатты өмір салтын насихаттау және жауапты мінез-құлық қалыптастыру мақсатында оқушылар мен мұғалімдер арасында кездесу өткізілді. Облыстық ЖИТС орталығының Шиелі ауданындағы филиалының маманы Б.Парманқұлов АИТВ/ЖИТС-тің облыс, аудан бойынша эпидемиологиялық жағдайы, АИТВ-ның жұғу жолдары, алдын алу шаралары туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Мектеп аяжаны Г.Медешова салауатты өмір салты, жауапты мінез құлық тақырыбында баяндама жасап, тақырыптық үнпарақтар таратылды.
https://korda-aids.kz/kz/2018-09-21-12-24-32/1158-aitv-ny-aldyn-alu-20#sigFreeId4af7edf5d3