Қызылорда облысындағы №1 мектеп гимназия, №282, №15 мектеп лицейде облыстық ЖИТС-ке қарсы күрес орталығы мамандарымен кездесу кеші болып өтті. Аталмыш іс-шараның мақсаты жасөспірімдер арасында зиянды әдеттерден аулақ болуға және салауатты өмір салтын ұстануға шақыру, сонымен қатар жыныстық жолмен берілетін жұқпалы аурулар, оның ішінде АИТВ/ЖИТС туралы кең көлемде мағұлмат беру болып табылады. Кездесу барысында орталық мамандары АИТВ-ның жұғу жолдары мен сақтану шаралары және стигма, дискриминацияны болдырмау жөнінде айтып, оқушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берілді.
Смағұлова Н., педагог
https://korda-aids.kz/kz/2018-09-21-12-24-32/1153-mektep-o-ushylary-a-parattandyryldy-2#sigFreeId0bac7bce4e