№6 қалалық емханасында АИТВ-инфекциясына биоматериалдарды
алу, тасымалдау ережелері, жедел-тест қою тәртібі бойынша оқыту сабақтары жүргізілді.
2023 жылдың 7-ші ақпанында ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі Қызылорда облыстық орталығының эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің мамандары С.Балықбаева, Г.Жолманова, Н.Жанғабылов, Г.Абдибаеваның қатысуымен «АИТВ-инфекциясына биоматериалдарды алу, тасымалдау, жедел-тест қою әдісі» тақырыбында №6 қалалық емханасының жауапты медициналық қызметкерлері арасында қан алу, тасымалдау және жедел-тест қою тақырыбында семинар-сабақ ұйымдастырылды.
Семинар барысында эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің меңгерушісі С.Балықбаева облысымызда АИТВ-инфекциясы бойынша қалыптасып отырған эпидемиологиялық жағдай, 2023 жылы орын алған апаттық жағдайлар мен медицина қызметкерлері арасында апаттық жағдайлар орын алғанда жүргізілетін эпидемиологиялық іс-шаралар, АИТВ-инфекциясына қан алу, тасымалдау ережелеріне және облысымызда АИТВ-инфекциясына қан алу, тасымалдау барысында орын алған кемшіліктерге тоқталды. Сонымен қатар, ҚР ДСМ-нің 27.11.202ж. №211 бұйрығына енгізілген өзгерістер бойынша жедел-тест әдісімен тексерілетін контингенттер бойынша мағұлмат берді.
Эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің мейірбикесі Г.Абдибаева семинар аясында АИТВ-инфекциясына жедел-тест қою әдісі бойынша практикалық дағдылар көрсетіп, қойылған сұрақтаға толық жауаптар берді.
Эпидемиологиялық қадағалау
бөлімінің меңгерушісі С.Балықбаева