Қызылорда облыстық ЖИТС орталығының мамандары С.Балықбаева, Ж.Қыстаубаева, А.Майданбаевамен Байқоңыр қаласының көпбейінді ауруханасының,Төретам мен Ақай елді мекемендерінің медицина қызметкерлері арасында «АИТВ-инфекциясының өзекті мәселелері» тақырыбында оқыту семинарлары ұйымдастырылды.
Семинар барысында ҚР ДСМ-нің 27.11.2020ж №211 бұйрығы бойынша АИТВ-инфекциясына клиникалық және эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша тексерілетін контингенттер туралы, ҚР-да, облысымызда АИТВ-инфекциясының індеттік ахуалы, таралу жолдары мен алдын алу шаралары, медицина қызметкерлері арасында кәсіптік жұқтырудың алдын алу, байланыстан кейінгі алдын алу, АИТВ-инфекциясына қан алу, сақтау, тасымалдау ережелері бойынша толық мәліметтер беріліп, медицина қызметкерлерінің сұрақтарына жауаптар берілді.
Балықбаева С.Ш - ЖИТС орталығының эпидемиологиялық бөлім меңгерушісі
https://korda-aids.kz/kz/2018-09-21-12-24-32/1147-meditsina-yzmetkerleri-arasynda-aitv-infektsiyasyn-aldyn-alu-bojynsha-seminar-tkizildi#sigFreeIdc05958b780