ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі облыстық орталықтың Шиелі ауданындағы филиалы мен аудандық білім бөлімінің біріккен жоспары аясында Ә.Тәжібаев ауылындағы №214 мектепте АИТВ-ның алдын алу, салауатты өмір салтын насихаттау және жауапты мінез құлық қалыптастыру мақсатында оқушылар мен мұғалімдер арасында кездесу өткізілді. Облыстық ЖИТС орталығының Шиелі ауданындағы филиалының меңгерушісі Ж.Пернебаева АИТВ/ЖИТС-тің облыс, аудан бойынша эпидемиологиялық жағдайына шолу жасады. ЖИТС орталығының маманы Б.Парманқұлов АИТВ-ның жұғу жолдары, алдын алу шаралары туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Мектеп аяжаны З.Туленова салауатты өмір салты, жауапты мінез құлық тақырыбында баяндама жасап, тақырыптық үнпарақтар таратылды.
https://korda-aids.kz/kz/2018-09-21-12-24-32/1146-aitv-ny-aldyn-alu-19#sigFreeIdd87b6f130d