01 Ақпан 2024
194

Арнайы орта оқу орындарының мұғалімдері мен оқушылары арасында АИТВ-ның алдын алу бойынша оқыту сабақтары жүргізілді

2024 жылдың 29-шы қаңтарында облыстық ЖИТС орталығының мамандары  С.Балықбаева, Ж.Қыстаубаева, А.Балмаханованың қатысуымен Байқоңыр қаласының С.Жиенкулов атындағы жоғарғы колледжінің мұғалімдері мен оқушылары арасында «АИТВ-инфекциясының өзекті мәселелері» тақырыбында семинар-сабақ ұйымдастырылды.

Семинарда ҚР-да және біздің облысымыздағы АИТВ-инфекциясы бойынша қалыптасқан эпидемиологиялық жағдай, АИТВ-инфекциясының таралу жолдары, алдын алу шаралары, диагностикасы мен емі бойынша толық мәлімет берілді.

Семинар барысында қойылған сұрақтарға толығымен жауап беріліп, оқушылар арасында ақпараттық- білім беру материалдары таратылды.

Балықбаева С.Ш-эпидемиологиялық бөлім меңгерушісі