АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу және салауатты өмір салтын кеңінен насихаттау мақсатында Шиелі кентіндегі №270 мектепте мұғалімдер мен оқушылар арасында кездесу өткізілді. Облыстық ЖИТС орталығының Шиелі ауданындағы филиалының маманы Б.Парманқұлов АИТВ/ЖИТС-тің індеттік ахуалына тоқталып, алдын алу шаралары туралы ақпарат берді. Мектеп аяжаны Ә.Топаева салауатты өмір салты тақырыбында баяндама жасап, тақырыптық бейнеролик көрсетіліп, ақпараттық парақшалар таратылды.
https://korda-aids.kz/kz/2018-09-21-12-24-32/1142-aitv-ny-aldyn-alu-18#sigFreeIddb6be40b65