25 Желтоқсан 2023
246

ЖИТС орталығында бірлескен кеңес өткізілді

ҚР ДСМ-нің Қазақ дерматология және инфекциялық аурулар Ғылыми орталығының тапсырмасына сәйкес 2023 жылдың 14-ші желтоқсанында  ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі облыстық орталығында қалалық  медициналық-санитарлық алғашқы көмек мекемелерінің ана мен бала жөніндегі  орынбасарлары мен осы сұрақтаға жауапты мамандардың және облыстық перинаталды орталықтың мамандарының қатысуымен  «Акушерлік-гинекологиялық қызметімен және босандыру мекемелерімен жүкті әйелдерді есепке қою кезінде және босануға түсу уақытында АИТВ-ға  тестілеу мәселелері   бойынша»  бірлескен кеңес  ұйымдастырылды.

Бірлескен  кеңес барысында облысымызда АИТВ-инфекциясының індеттік ахуалы, таралу жолдары мен алдын алу шаралары, сонымен қатар, АИТВ-инфекциясының анадан балаға берілуінің алдын алуда жүкті әйелдерді және олардың жыныстық серіктестерін АИТВ-инфекциясына тексеру жұмыстары,оның ішінде қалалық МСАК ұйымдарымен 2023 жылдың 10 айында атқарылған жұмыстарының көрсеткіштері  қаралды.

Кеңес барысында жүкті әйелдердің босану мекемелеріне түсу барысында АИТВ-инфекциясына тестілеу жұмыстары, сонымен қатар,  облысымызда орын алған  апаттық жағдайлар,  медицина қызметкерлері арасында кәсіптік жұқтырудың алдын алу және  байланыстан кейінгі алдын алу шаралары, Р-24 вирустық антигенін және бірінші және екінші үлгідегі АИТВ-ға антиденелереді анықтайтын экспресс-тестпен АИТВ-инфекциясына эпидемиологиялық көрсетілімдер бойынша тексерілетін контингенттер мен АИТВ-инфекциясының зертханалық диагностикасы,оның ішінде жедел-тест қою әдісі  және АИТВ-ның анадан балаға берілуінің алдын алу  жағдайы мен
жүкті әйелдердің  антиретровирусты терапия мәселелері талқыланды .

ЖИТС орталығының эпидемилогиялық

қадағалау бөлімінің меңгерушісі

С.Балыкбаева