ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі облыстық орталығының жылдық жоспарына сәйкес қалалық емдеу мекемелерінің эпидемиологтары мен медициналық-санитарлық алғашқы көмек беру мекемелерінің (МСАК) эпидемиологотары мен жалпы тәжірибелік дәрігерлері арасында 2023 жылдың 12-ші желтоқсанында семинар-сабақ ұйымдастырылды.
Семинар барысында 2023 жылдың 10 айындағы АИТВ-инфекциясының республикадағы,облыстағы індеттік ахуалы, эпидемиологиясы, жұғу жолдары,алдын алу шаралары айтылды.
Сонымен қатар, облыс бойынша жүкті әйелдерді есепке қою кезінде, босану мекемелеріне түсу барысында АИТВ-ға тестілеу жұмыстары , жүкті әйелдердің жыныстық серіктестерінің АИТВ-ға тексеру туралы, ҚР ДСМ-нің 27.11.2020ж. «АИТВ-инфекциясының бар-жоғына міндетті құпия медициналық зерттеп-қарау қағидаларын бекіту туралы» №211 бұйрығы бойынша клиникалық және эпидемиологиялық көрсетілімдер бойынша тексерілетін контингенттер туралы, облысымызда тіркелген апаттық жағдайлар, медицина қызметкерлері арасында кәсіптік жұқтырудың алдын алу және байланыстан кейінгі алдын алу шаралары, Р-24 вирустық антигенін және бірінші және екінші үлгідегі АИТВ-ға антиденелереді анықтайтын экспресс-тестпен АИТВ-инфекциясына эпидемиологиялық көрсетілімдер бойынша тексерілетін контингенттер мен АИТВ инфекциясының зертханалық диагностикасы,оның ішінде жедел тест қою әдісі туралы және АИТВ-инфекциясының классификациясы, клиникасы, диспансеризациясы,емдеу ерекшеліктері бойынша ЖИТС орталығының мамандарымен толық ақпараттар берілді.
Эпидемиологиялық қадағалау
бөлімінің меңгерушісі
С.Балыкбаева
https://korda-aids.kz/kz/2018-09-21-12-24-32/1127-epidemiologtar-men-zhalpy-t-zhiribelik-d-rigerler-arasynda-o-ytu-seminary-jymdastyryldy#sigFreeId9720f98de5