ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі облыстық орталықтың Шиелі ауданындағы филиалы мен аудандық білім бөлімінің біріккен жоспарына сәйкес Шиелі кентіндегі №270 Ғ.Мұхамеджанов атындағы орта мектепте жоғарғы сынып оқушылары арасында АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында кездесу өткізілді. ЖИТС орталығының маманы Б.Парманқұлов АИТВ-ның эпидемиологиялық жағдайы, жұғу жолдары және алдын алу шаралары туралы ақпарат берді. Мектеп аяжаны Ә.Топаева салауатты өмір салтын ұстану, жауапты мінез құлық тақырыбында түсіндірме жұмыстарын жүргізіді. Іс-шара соңында тақырыптық парақшалар таратылып, видеоролик көрсетіліп, сұрақ жауап алмасты.
https://korda-aids.kz/kz/2018-09-21-12-24-32/1126-aitv-zhits-ti-aldyn-alu-10#sigFreeIdc15be54da3