02 Желтоқсан 2023
98

АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу

Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күніне орай Шиелі кентіндегі

№ 47 М.Ломоносов атындағы орта мектепте АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу және салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында оқушылар мен мұғалімдер арасында кездесу өткізілді. Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ж.Жансариева өткізіліп жатқан шараның маңыздылығына тоқталып, қатысушыларға сәттілік тіледі. Іс-шара барысында СПИД орталығының маманы Б.Парманқұлов АИТВ/ЖИТС-тің эпидемиологиялық жағдайы, алдын алу шаралары туралы ақпарат беріп, сұрақ жауап алмасты. Мектеп аяжаны К.Айтілеуова салауатты өмір салтын қалыптастыру, зиянды әдеттер тақырыбында түсіндірме жұмысын жүргізді. Сондай ақ тақырыптық, слайдтар көрсетіліп, ақпараттық парақшалар таратылды.