02 Желтоқсан 2023
204

АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу

Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күніне орай Шиелі кентіндегі

 № 219 Ы.Алтынсарин атындағы орта мектепте АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу және салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында оқушылар мен мұғалімдер арасында кездесу өткізілді. Іс-шара барысында СПИД орталығының маманы Б.Парманқұлов АИТВ/ЖИТС-тің эпидемиологиялық жағдайы, алдын алу шаралары туралы ақпарат беріп, сұрақ жауап алмасты. Сондай ақ мектеп ұжымы мен оқушылар дайындаған тренинг ойнатылып, слайдтар көрсетіліп, ақпараттық парақшалар таратылды.