Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күніне орай Шиелі ауданы Бидайкөл елді мекенінің мәдениет үйінде ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі облыстық орталығының Шиелі ауданындағы филиалы мен аудандық емхананың ұйымдастыруымен АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу, салауатты өмір салтын қалыптастыру және тұрғындар мен жасөспірімдер арасында насихат жұмыстарын кеңінен жүргізу мақсатында кең ауқымды акция өткізілді. Акцияның ашылу сөзін «Бәйтерек» ауылдық округінің бас маманы Х.Қойшыбаев ашып, қатысушыларға сәттілік тіледі. Облыстық СПИД орталығының Шиелі ауданындағы филиалының меңгерушісі А.Сәдуақас АИТВ/ЖИТС-тің эпидемиологиялық жағдайы, алдын алу шаралары туралы ақпарат беріп, сұрақ жауап алмасты. Аудандық емхананың ЖДО бөлімінің маманы Л.Аширова, Бидайкөл дәрігерлік амбулаториясының аға дәрігері Н.Ибрагимовалар салауатты өмір салтын қалыптастыру, зиянды әдеттің алдын алу,жауапты мінез құлық қалыптастыру тақырыбында баяндамалар жасады. Іс-шараға аудандық «Өскен-Өңір» газеті редакциясының тілшісі Д.Байтілес қатысты. Сондай ақ «Бәйтерек» ауылдық округінің мәдениет үйі мен №148 мектеп ұжымының қызметкерлері мен оқушылар дайындаған мерекелік концерттік бағдарламасымен жалғасты. Іс-шара соңында акцияға белсенді араласқан қызметкерлер мен оқушылар алғыс хаттарымен сыйлықтармен марапатталды.
https://korda-aids.kz/kz/2018-09-21-12-24-32/1120-k-shbasshyly-auymdasty-tar-a-d-niezh-zilik-zhits-ke-arsy-k-res-k-nine-arnal-an-aktsiya#sigFreeId2043c5d1c8