Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес куніне орай ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі Қызылорда облыстық орталығының дәрігер эпидемиологтарының қатысуымен И.Абдукаримов атындағы жоғары агротехникалық колледж студенттерімен кездесу жүргізілді. Кездесу барысында ЖИТС-тің ахуалы, жұғу жолдары, алдын алу, сақтану шаралары туралы толық ақпарат берілді.
«Көшбасшылық-қауымдастықтарға» тақырыбымен науқаның өткізілу мақсаты: АИТВ/ЖИТС туралы білімдерін толықтыру, АИТВ-ның жұғу жолдары, сақтану шаралары жөнінде қажетті мәліметтер беру, қоғамда АИТВ жұқтырған адамдарға алалау, кемсіту, бөлу секілді теріс көзқарастарды болдырмау, психологиялық-әлеуметтік, моральдік көмектің көрсетілуіне ықпал жасау туралы ақпараттар беріліп, ЖИТС-ке қарсы күресте кедергі болатын теңсіздік мәселесімен қарсы күреске шақырылды. Қатысушылар тарапынан сауалдар қойылды, бейне роликтер көрсетіліп, буклеттер мен үн парақтар таратылды.
https://korda-aids.kz/kz/2018-09-21-12-24-32/1119-isataj-abdukarimov-atynda-y-zho-ary-agrotekhnikaly-kolledzh-studentterimen-kezdesu#sigFreeId7ee439f412