02 Желтоқсан 2023
82

Колледж студенттері ақпараттандырылды

Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күніне орай  «Көшбасшылық Қоғамдастықтарға» тақырыбы аясында 2023 жылдың 30 қарашасында Қазалы көлік техникалық колледж студенттері арасында дөңгелек стол өткізілді. Кездесу барысында ЖИТС орталығы Қазалы филиалы меңгерушісі П.Жолдыбаева, Жастар денсаулық орталығы маманы Мамбетова М, және колледж тәрбие жөніндегі орынбасары Кузембаева Г қатысты. Студенттерге Республикадағы, облыс көлемінде АИТВ/ЖИТС-тің қазіргі таңдағы індеттік ахуалы, жұғу жолдары, алдын алу туралы ақпарат берді. Кездесу соңында сұрақ жауаптармен алмасты, жақсы атсалысқан студенттерге сыйлықтар берілді. Іс-шара соңында колледж тәрбие жөніндегі орынбасары алғыс хатпен марапатталды.

 

ЖИТС орталығы Қазалы филиалы меңгерушісі П.Жолдыбаева