Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күніне орай «Көшбасшылық қоғамдастықтарға» тақырыбы аясында Арал ауданындағы №64 мектебінің жоғары сынып оқушылары арасында кездесу өткізілді. Кездесу барысында ЖИТС орталығының дәрігері Г.Жумагулова республикадағы, облыс көлеміндегі АИТВ/ЖИТС-тің індеттік ахуалы, жұғу жолдары, алдын алу шаралары туралы ақпарат берді. Кездесу соңында сұрақ жауаптармен алмасып, ақпараттық материалдар беріліп бейне роликтер көрсетілді.
https://korda-aids.kz/kz/2018-09-21-12-24-32/1115-2023-12-02-10-26-07#sigFreeIdb7b5407e8a