02 Желтоқсан 2023
83

АИТВ/ЖИТС туралы жалпы түсінік

Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күніне орай «Көшбасшылық қоғамдастықтарға» тақырыбы аясында Арал индустриалды колледжі студенттері арасында «АИТВ-ның алдын алу шаралары» тақырыбында кездесу жүргізілді. Кездесу барысында республикадағы, облыс көлеміндегі АИТВ/ЖИТС-тің індеттік ахуалы, жұғу жолдары, алдын алу шаралары туралы ақпарат берілді. Кездесу соңында плакаттар сайысы, сұрақ жауаптармен алмасып, ақпараттық материалдар беріліп бейнероликтер көрсетілді.