02 Желтоқсан 2023
66

Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күніне байланысты қорытынды акция өткізілді.

Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес кампаниясы аясында 2023 жылдың 29 қарашасында ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі облыстық орталығы, Болашақ жоғары колледжінің ұйымдастыруымен кең көлемді акция өткізілді. Акцияға Қызылорда облыстық денсаулық сақтау басқармасы, Қызылорда облыстық жастар ресурстық орталығы, облыстық жастар денсаулық орталығы, ЖИТС орталығының еріктілері, халықаралық деңгейдегі спорт шебері және Болашақ жоғары колледжінің студенттері қатысты.

Жыл сайын 1 желтоқсанда Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күні аталып өтеді. Бүл күні бүкіл әлемдегі адамдар АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға қолдау көрсету үшін бірігіп, ЖИТС-пен байланысты аурулардан қайтыс болғандарды еске алады.

Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күні әр жылы белгілі бір тарқырыпта өтеді. Биылғы жылы  бұл тақырып теңдікке арналып, 2023 жылы «КӨШБАСШЫЛЫҚ-ҚАУЫМДАСТЫҚТАРҒА» тақырыбында өтуде.

Акция барысында жастар өз өнерлерін көрсетіп, қажетті ақпараттармен қамтылып, Алғыс хаттармен марапатталды.