02 Желтоқсан 2023
61

Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күніне арналған іс-шаралар бизнес құрылымдарында жалғасын табуда

2023 жылдың 28-ші қарашасында  Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы  күрес күні аясында  Қызылорда облыстық ЖИТС орталығының мамандарымен «Жібек жолы»  сауда ойын-сауық орталығында  қала тұрғындары мен сатушылар арасында  түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

 Іс-шара  барасында АИТВ-инфекциясының жұғу жолдары, алдын алу шаралары туралы, осы кезеңде  қалыптасып отырған эпидемиологиялық жағдай, тұрғындар мен сатушыларға АИТВ-инфекциясына тексеріліп, өздерінің АИТВ-статусын білу  туралы толық мағұлматтар беріліп, ақпараттық-білім беру материалдары таратылды.

Эпидемиологиялық бөлім меңгерушісі

С.Балықбаева