Облыс көлемінде тұрғындарды, әсіресе жастар мен жасөспірімдерді зиянды әдеттерден сақтандыру, салауатты өмір салтына бағыттау, АИТВ-инфекциясының алдын алу шараларын жүргізу мақсатында 2023 жылдың 20 қарашасы мен 1-ші желтоқсан аралығында дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күніне арналған 10 күндік науқан жүргізілуде.
Осы науқан аясында 2023 жылдың 27-ші қарашасында облыстық ЖИТС орталығының мамандарымен қаланың «Отырар», «Айтбек», «Сыбаға» сауда үйлерінде қала тұрғындары мен сатушылар арасында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Іс-шара барасында АИТВ-инфекциясының жұғу жолдары, алдын алу шаралары туралы, осы кезеңде қалыптасып отырған эпидемиологиялық жағдай, тұрғындар мен сатушыларға АИТВ-инфекциясына тексеріліп, өздерінің АИТВ-статусын білу туралы толық мағұлматтар беріліп, ақпараттық-білім беру материалдары таратылды.
ЖИТС орталығының эпидемиологияық
қадағалу бөлі меңгерушісі
С.Балықбаева
https://korda-aids.kz/kz/2018-09-21-12-24-32/1109-d-niezh-zilik-zhits-ke-arsy-k-nine-arnal-an-is-sharalar-sauda-jlerinde-zhal-asy-tabuda#sigFreeId39b60dd586