29 Қараша 2023
233

«АИТВ/ЖИТС-тің эпид жағдайы, алдын алу шаралары» тақырыбында кездесу

 «АИТВ/ЖИТС-тің эпид жағдайы, алдын алу шаралары» тақырыбында кездесу

Дүниежүзілік  ЖИТС-ке қарсы күрес күні аясында 2023 жылдың 28-шы қарашасында  №198  мектепте мұғалімдер мен оқушылар арасында кездесу ұйымдастырылды.
Кездесу барысында облыстық  ЖИТС орталығының маманы Г.Айтмаганбетова  республика, облыс көлемінде АИТВ/ЖИТС-тің қазіргі таңдағы індеттік ахуалы, жұғу жолдары, алдын-алу және денсаулыққа байланысты жауапкершілікті арттыру жөнінде ақпараттар беріп, жасөспірімдерді зиянды әдеттерден қашық болуға насихаттады. Сонымен қатар, республика, облыс көлемінде «Көшбасшылық-қауымдастықтарға» ұранымен 2023 жылдың 20-ші қарашасымен  1-ші желтоқсан арасында ұйымдастырылып жатқан Дүниежүзілік  ЖИТС-ке қарсы күрес күніне арналған онкүндік кампаниясына тоқталып, қазіргі таңда АИТВ-инфекциясын алдын алуда, оның ішінде осы ауруды жұқтыруға бейім топтармен, жастармен, жасөспірімдермен жұмыс жасауда, қауымдастықтардың, үкіметтік емес ұйымдардың маңыздылығы мен ролі туралы ақпарат берді.  Қатысушылар тарапынан маманға көкейлерінде жүрген сауалдарын қойып, жауап алды. Оларға ақпараттық білім беру материалдары - слайд, бейнефильмдер көрсетілді,  оқушыларға арналған буклеттермен үнпарақтар таратылды.

Айтмаганбетова.Г.Т