АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу.
Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күніне орай Шиелі кентіндегі №219 Ы.Алтынсарин атындағы орта мектепте АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу және салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында оқушылар мен мұғалімдер арасында кездесу өткізілді. Іс-шара барысында СПИД орталығының маманы Б.Парманқұлов АИТВ/ЖИТС-тің эпидемиологиялық жағдайы, алдын алу шаралары туралы ақпарат беріп, сұрақ жауап алмасты. Сондай ақ мектеп ұжымы мен оқушылар дайындаған тренинг ойнатылып, слайдтар көрсетіліп, ақпараттық парақшалар таратылды.
https://korda-aids.kz/kz/2018-09-21-12-24-32/1106-aitv-zhits-ti-aldyn-alu-6#sigFreeId3aa1d7dc2f