28 Қараша 2023
210

«Өркениет» медицина колледжінің оқытушылары мен студенттері арасында кездесу

2023 жылдың 27 қараша күні ЖИТС-тің  алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі Қызылорда облыстық орталығы, облыстық жастар орталығы мамандарының қатысуымен «Өркениет» медицина колледжінің оқытушылары мен студенттері арасында  кездесу өткізілді. Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес аясында арналған «Көшбасшылық-қауымдастықтарға» тақырыбында «АИТВ/ЖИТС-тің Қазақстан Республикасы, облыс деңгейіндегі  індеттік ахуалы, жұғу жолдары, сақтану шаралары; дискриминация, стигманың алдын алу  туралы түсіндірме жүргізілді, аудио-видео роликтер арқылы толық мәлімет берілді. Кездесу соңында ақпараттық білім беру материалдары таратылды.

Дәрігер эпидемиолог

Жолманова Г.Р, Жанғабылов Н.Е