1-желтоқсан Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес куніне орай ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі Қызылорда облыстық орталығы, облыстық жастар денсаулық орталығы және «Ана үйі» қоғамдық қоры мамандарының қатысуымен М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғарғы колледж студенттерімен кездесу жүргізілді. Кездесу барысында ЖИТС-тің ахуалы, жұғу жолдары, эпидемиологиялық жағдайы, алдын алу, сақтану шаралары туралы толық ақпарат берілді. ЖИТС-ке қарсы күресте кедергі болатын теңсіздік мәселесімен қарсы күреске шақырылды. Сонымен қатар, 20-қараша мен 1-желтоқсан аралығында республика және облыс көлемінде «Көшбасшылық-қауымдастықтарға» тақырыбында жүргізіліп жатқан Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күніне арналған Кампанияның мақсаты, міндеттері туралы мәліметтер берілді. Қатысушылар тарапынан сауалдар қойылды, бейнероликтер көрсетіліп, буклеттер мен үн парақтар таратылды.
Дәрігер эпидемиолог Жолманова Г.Р
https://korda-aids.kz/kz/2018-09-21-12-24-32/1098-pedagogikaly-zho-ary-kolledzh-studentteri-a-parattandyryldy#sigFreeIdbb8e37b4c1