Дүниежүзілік ЖИТС-ке карсы күрес күніне арналған шара аясында Шиелі ауданы №49 орта мектеп оқушылары арасында «Көшбасшылық қауымдастықтарға» тақырыбында кездесу болып өтті. Кездесу барысында оқушыларға АИТВ-ның берілу жолдары, алдын алу, жұғу жолдары, сақтану шаралары жөнінде мағлұмат берілді. АИТВ/ЖИТС-тің Республика, облыстыстағы аудандағы індеттік ахуалы туралы мәлімет берілді. АИТВ инфекциясына байланысты стигма, дискриминацияға жол бермеуге, оларды зиянды әдеттерден аулақ болуға және салауатты өмір салтын ұстануға шакырылды. АИТВ/ЖИТС алдын алу жөніндегі үнпарақшалар таратылды.
https://korda-aids.kz/kz/2018-09-21-12-24-32/1095-aitv-zhits-3#sigFreeId9e7ee8cb6d