Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күніне орай «Көшбасшылық-қауымдастықтарға» ұранымен Қызылорда медициналық жоғары колледжінде, Абылай хан атындағы колледжінде және Білім инновациялық лицейінде мұғалімдер мен оқушылар арасында кездесу өткізілді. Кездесу барысында облыстық ЖИТС орталығының дәрігер-инфекционисті А.Балмаханова республика, облыс көлемінде АИТВ/ЖИТС-тің қазіргі таңдағы індеттік ахуалы, жұғу жолдары, алдын-алу және денсаулыққа байланысты жауапкершілікті арттыру жөнінде ақпараттар беріп, жасөспірімдерді зиянды әдеттерден қашық болуға насихаттады. Сонымен қатар, республика, облыс көлемінде 2023 жылдың 20-ші қарашасымен 1-ші желтоқсан арасында ұйымдастырылып жатқан Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күніне арналған кампаниясына тоқталып, қазіргі таңда АИТВ-инфекциясын алдын алуда, оныңі шінде осы ауруды жұқтыруға бейім топтармен, жастар мен жасөспірімдермен жұмыс жасауда қауымдастықтардың, үкіметтік емес ұйымдардың маңыздылығымен ролі туралы ақпарат берді. Қатысушылар тарапынан маманға көкейлерінде жүрген сауалдарын қойып, жауап алды. Оларға ақпараттық білім беру материалдары - слайд, бейнефильмдер көрсетілді, оқушыларға арналған буклеттер мен үнпарақтар таратылды.
https://korda-aids.kz/kz/2018-09-21-12-24-32/1093-aitv-infektsiyasyny-epidemiologiyaly-zha-dajy-zh-u-zholdary-sa-tanu-sharalary-ta-yrybynda-kezdesu-4#sigFreeIdfeff9b1f68