27 Қараша 2023
348

«АИТВ/ЖИТС-тың алдын алу» тақырыбында дөңгелек үстел

«АИТВ/ЖИТС-тың алдын алу» тақырыбында дөңгелек үстел
Жыл сайын 1 желтоқсанда Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күні аталып
өтеді. Бұл күні бүкіл әлем бойынша АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға
қолдау көрсету үшін бірігіп, ЖИТС-пен байланысты аурулардан қайтыс
болғандарды еске алады.
Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күні әр жылы белгілі бір тарқырыпта
өтеді.Биылғы жылы
бұл тақырып теңдікке арналып, 2023 жылы
«КӨШБАСШЫЛЫҚ-ҚАУЫМДАСТЫҚТАРҒА» тақырыбында өтуде.
Облыс көлемінде тұрғындарды, әсіресе жастар мен жасөспірімдерді
зиянды әдеттерден сақтандыру, салауатты өмір салтына бағыттау, ЖИТС-тің
алдын алу шараларын пәрменді жүргізу мақсатында 2023 жылдың 20
қарашасы мен 1-ші желтоқсан аралығында ЖИТС-ке қарсы күрес күніне
арналған 10 күндік науқан жүргізілуде.
Осы науқан аясында 2023 жылдың 24-ші қарашасында облыстық жастар
ресурстық орталығында облыстық денсаулық сақтау басқармасы, облыстық
санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы, облыстық тері
венерология диспансері, облыстық психикалық денсаулық сақтау орталығы,
қалалық полиция басқармасының ювениалды полиция бөлімшесі , облыстық
дін басқармасы, облыстық жастар денсаулық орталығы, облыстық жастар
ресурстық орталығы, облыстық ЖИТС орталығының мамандары мен
аутрич-қызметкерлерінің қатысуымен дөгелек үстел ұйымдастырылды.
Дөңгелек үстел барасында қоғамда АИТВ-жұқтырған адамдарға
алалау, кемсіту, бөлу секілді көзқарастардың болмауы, халыққа
АИТВ/ЖИТС жайлы түсініктерін кеңейту үшін қажетті мәліметтер беру,
дертті жұқтырып алғандарға медициналық жәрдем беру, инфекциямен өмір
сүріп жатқандарға психологиялық-әлеуметтік, моральдік көмектің жасалуына
ықпал жасау, осы проблемаға халықаралық, отандық, үкіметтік емес
мекемелерді тарту, халықтың осал топтары үшін жасалатын арнайы
бағдарламалардың орындалуын қамтамасыз ету туралы мәселелер айтылды.
Сонымен қатар, АИТВ-инфекциясынан сақтандыру үшін бір ғана медицина
емес, барлық қоғам құрылымдары мен қауымдастықтар болып бір жағадан
қол, бір жеңнен бас шығара отырып ,бірлесе жұмыс жүргізу қажеттігі
айтылды.
ЖИТС орталығының эпидемиологияық
қадағалу бөлі меңгерушісі
С.Балықбаева