27 Қараша 2023
216

«АИТВ/ЖИТС-тан қалай сақтану керек?» тақырыбында кездесу

«АИТВ/ЖИТС-тан қалай сақтану керек?» тақырыбында кездесу
Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күні аясында №5 мектеп-лицейде
оқушылар
арасында
сұрақ-жауап
кеші
ұйымдастырылды.
Кездесу барысында облыстық ЖИТС орталығының дәрігер –эпидемиологы
Г.Айтмаганбетова республика, облыс көлемінде АИТВ/ЖИТС-тің қазіргі
таңдағы індеттік ахуалы, жұғу жолдары, алдын-алу және денсаулыққа
байланысты жауапкершілікті арттыру жөнінде ақпараттар беріп,
жасөспірімдерді зиянды әдеттерден қашық болуға насихаттады. Сонымен
қатар, республика, облыс көлемінде «Көшбасшылық қауымдастықтарға»
ұранымен 2023 жылдың 20-ші қарашасымен 1-ші желтоқсан арасында
ұйымдастырылып жатқан Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күніне
арналған онкүндік кампаниясына тоқталып, қазіргі таңда АИТВ-
инфекциясын алдын алуда, оның ішінде осы ауруды жұқтыруға бейім
топтармен,
жастармен
жасөспірімдермен
жұмыс
қауымдастықтардың, үкіметтік емес ұйымдардың маңыздылығы мен ролі
туралы ақпарат берді. Қатысушылар тарапынан маманға көкейлерінде
жүрген сауалдарын қойып, жауап алды. Оларға ақпараттық білім беру
материалдары - слайд, бейнефильмдер көрсетілді, жастарға арналған
буклеттермен үнпарақтар таратылды.
АйтмаганбетоваГ., дәрігер-эпидемиолог